Журналист Жанар Байсемізова әйгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты қатаң сынға алып, оның орысша сөздер мен телеарнада сөйлеуге келмейтін сөздерді қосқанына ашуланды. |
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі Stories-те жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Көтеріп жатқан тақырыбы өзекті, бірақ тілі дүбара, шала. Бүкіл қазақты күлдіре алады. Мықты. Әйткенмен, тілдің тазалығын сақтамайды. Және осы дүбара тілдегі әзіл кеші мемлекеттік телеарналардан көрсетіледі. Өте өкінішті. Орыс тілі қанымызға сіңіп кеткені соншалықты, өзіміз байқамайтын болдық. Қалыпты дүние ретінде қараймыз", — деп жазды Жанар Байсемізова.
