Аягөз тұрғындары Мәжіліс депутатына сапасыз салынған үйлерге шағымданды

Көктемде үй ішіне су кіреді, қыста суық, — дейді халық.

Жиында Мәжіліс депутаты Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.

Қала халқының тарапынан кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын бақылау, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.

Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту, қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көріп, тұрғындармен кездесті. Тұрғындар әлеуметтік үйлердің сапасыз салынғанына шағымданды. Мұндағы үйлер 2020, 2021,2022 жылдары пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, сапасыз салынғандықтан үйлердің қабырғалары жарылып, іргетасы отырып кеткен. Көктемде үй ішіне су кіреді. Қыста суық. Баспаналарды көріп шыққан Мәжіліс депутаты 1 шілдеден бастап, тұрғындарға жекешелендіру құқығы берілетіндігін айтты.

Ол туралы депутат бұған дейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын. Онда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобында бұл мәселенің жан-жақты қаралғаны және оны Үкіметтің қолдап,оң қорытындысын бергені туралы айтылған.

"Мемлекет меншігіндегі мұндай пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген. Адамдардың оны жеке меншікке сатып алуға, жекешелендіруге құқығы болмаған еді. Ал, енді жекешелендіруге рұқсат етілген соң, азаматтар жалға берілген пәтерді жеке меншігіне ала алады",-делінген Мәжілісменнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Нұртай Сабильянов Аягөз қаласын жылумен қамтамасыз ететін қазандықта болды. Нысанның жұмысын көріп, қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу қажет екендігін айтты.

Тұрғындар мәселелерінің барлығын мұқият жазып алған депутат, олардың назардан тыс қалмайтынын, Парламентке барғанда көтеретінін жеткізді.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
Рубио Советский инцидент в школе Ханты-Мансийский автономный округ Нефтеюганская прокуратура телеведущие Анфиса Чехова дикое животное Ильшат Фазрахманов Башкирия американские военные среднее профессиональное образование Президент России Российская академия наук Геннадий Онищенко Арктика Александр Грушко Арктический совет Европейско-средиземноморский сейсмологический центр Курильск Курильские острова Бигичева курица шницели сбежать в Россию швед угнал машину ВМС США столкновение кораблей нашествие инопланетян божественные союзы Катя Лель смерть младенца ГСУ СК России Канск торговля нефтью продюсеры Алла Пугачева Максим Галкин Следственный комитет РФ стрельба в Анапе телевещание ртпц Юрий Дудь тосты нецензурная лексика росмолодежь наркозависимость расставание сериал Ландыши Стас Пьеха Ника Здорик МВД по РТ мошенниики советский район казани пробки в казани Архангельская область Протон-М Долина в Лефортово квартира Долиной

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top