Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу себептері анықталды

Қазақстанда бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпіні 12 еседен астам ұлғаюы құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі саналады. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды LS.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда бастапқы тұрғын үй бағасының жылдық индексі 1,3%-дан 16,6%-ға дейін өсті.

"Бастапқы тұрғын үй бағасының өсу серпінінің 12 есе өсуі құрылыс нарығының монополиялануының негізгі нәтижесі болып табылады. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысы көлемінің жыл сайын 10%-дан астам ұлғаюы орын алады. Алайда, нарықты дамытудың орнына бұл жерде жетекші құрылыс салушылардың үстемдік етуi артады", — деді ол.

Ведомство басшысының айтуынша, агенттік 2021 жылы жүргізген талдау көрсеткендей, 2021 жылы жеке құрылыс ұйымдары салған 7,5 млн шаршы метр тұрғын үйдің 27%-ы өз қаражаты есебінен және 26%-ы заңнамада көзделген рұқсаттарды алғаннан кейін салынған.

"Тұрғын үйдің қалған 47%-ы брондау, резервтеу және т.б. шарттар бойынша салынған, осылайша үлескерлер қаржыландырған әрбір екінші пәтер "сұр" схемалар бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте үлескерлердің қаражатын әкімдіктердің рұқсатынсыз жаппай тарту тексеру парақтарының болмауына байланысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылаусыз қалып отыр", — деп атап өтті ол.

Жұманғарин құрылыс кезінде үлескерлердің қаражатын тартуға үш тәсілдің бірі арқылы рұқсат етілетінін еске салды: бірыңғай оператор (қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кепілдігінің болуы, екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысу кезінде әкімдіктің рұқсаты және үйдің қаңқасы салынғаннан кейін әкімдіктің рұқсаты.

Оның айтуынша, көптеген өңірлерде тұрғын үйді өткізу нарығының шоғырлануы жоғары. Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында – шоғырлануы орташа.

"Алматыда I және II санатты тұрғын үйлерді сату нарығының шоғырлануы жоғары, III және IV санатты — орташа шоғырланған, Нұр-Сұлтанда үлестік құрылыс нарығының шоғырлануы жоғары болып табылады, онда BI Group холдингінің бір ғана құрылыс салушысының үлесі 60%-дан асты", — деп қорытындылады ол.

Сонымен қатар, Жұманғарин тұрғын үй жағдайларын жақсартуға зейнетақы төлемдерін пайдалану бағдарламасына монополияланған тұрғын үй құрылысының үлестік нарығы бұған дайын емес екенін көрсетті.

"2,5 трлн теңге зейнетақы қаражатының 68%-ы азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (толық есеп айырысу), ал 4%-дан аз үлестік құрылыс шарты бойынша тұрғын үй сатып алуға бағытталған. Іс жүзінде белгілі құрылыс салушылар компания брендін құрылыстың өзін жүзеге асырмай, объектілерді жарнамалау үшін пайдаланады", — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Тұрғын үйді салу және сату процесін құрылыс салушының уәкілетті компаниялары болып табылмайтын үшінші тұлғалар жүзеге асырады, бұл объектінің құрылысы үшін жауапкершіліктен кетуге, сондай-ақ монополияға қарсы және салықтық бақылауға әкеледі, деп нақтылады ол.

"Соның ішінде құрылыс салушылармен заңды байланысы жоқ ұйымдар өткізген пәтерлерді сатып алушылар құқықтық кепілдіксіз қалады. Бұл тұрғын үй сапасына және нысандарды тапсыру мерзіміне қатысты жаппай шағымдарға себеп болды. Шарттардың негізсіз талаптарын жүктеу тәжірибесі таралды. Бұл – құрылыс салушылармен үлестес басқарушы компаниялармен, байланыс, интернет қызметтері, кабельдік теледидар операторларымен шарт жасасу, паркинг сатып алу бойынша талаптар. Осылайша, монополиялық құрылыс нарығы көршілес нарықтардағы бәсекелестікті шектейді", — деп түйіндеді Жұманғарин.

Похожее

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
борщ супы пары бобры Росприроднадзор звонков пользователи поставка ВСУ авиабомбы JDAM Виктор Баранец Российская ПВО повреждение имущества Новотатарские Вторые горки меморандум о взаимопонимании Азовский район Джанкой Айдар Альмухамедов Аэропракт-22 госзакупок НИОКР Антон Алиханов SSJ-100 стратегия развития связи мобильный номер Заместитель генсека ООН гражданская оборона Ливана Израильские самолеты Даркифа коррупция на Украине Архангельский ВВ Родники антисанкции Сергей Нечаев рецессия комплекс городского хозяйства беспилотник ВСУ Станислав Трофимов Владимир Степанов Минеральные Воды ограничения на полеты спорткары Дмитрий Губерниев полковники флот Режим беспилотной опасности Совфед Владимир Джабаров жертвенные животные Курбан-байрам альянс Наро-Фоминский городской суд Мособлсуд Алексей Долматов фитнес Замоскворецкая линия метро Ираклий Кобахидзе погром Денис Денисов Кобахидзе

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top