Шымкентте гүл сататын дүкенде шу шықты. Белгісіз ер адам дүкенге келіп, гүлдің ақшасын төлеместен шығып кеткен. |
Ол аздай сатушы жігітті бір ұрған. Бүгінде аталған азаматтың кім екені анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлім етті.
«Шымкенттің гүлі хит болды. Бір құшақ гүлді тегін алу үшін Прокурордың баласымын деп қайшымен қорқытқан “батыр” соңында учаскелік инспектор болып шықты. Прокуратура бізде мұның әкесі жоқ деді, полиция бұл бізден өз еркімен жұмыстан босаған деді. Босаса босаған шығар, дегенмен Шымкенттік инспекторлардың бір букет гүл үшін қалай движение жасайтынын көрсетіп кетті. Ұят-ай!
Бұл туралы вообще жазбаймын деп ем қоймады ғой, өздері, қоймады. Енді еліміздегі ең өзекті сұрақ: талас-тартыспен алған букет кімге кетті???», — деп жазды ол.