Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. |
Бұл туралы деп Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімі бойынша, бұрын осы қызметті атқарған Ғани Өтенұлы Тілеубеков қызметінен босатылды.