Қазақстан мектептерінде электронды кітапхана жүйесі енгізіле бастады

Ел мектептерінде кітапхана қорын толық қамтамасыз ететін «Qazaq mura» бірегей жүйесі іске қосылды. Бұл — оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. Жүйе әсіресе әдебиетке қолы жете бермейтін аймақтардағы кітапхана жұмысын біршама оңтайландырмақ.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, платформа Ұлттық кітап палатасымен интеграцияланған. Ол ауқымды кітап қорына тегін әрі шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, барлық мектептерден ақпарат жинап, нақты деректі де ұсына алады.

«Цифрлық кітапхана жүйесін дайындауға 3 жылдан астам уақыт жұмсалды. Кітапхана саласын цифрландыру қазіргі білім берудегі заманауи бағыт. Бүгінгі таңда елімізде кітапхана қоры туралы толық ақпарат жоқ. Сондықтан Қазақстанның мектеп кітапханаларының жұмысын цифрландыру мен автоматтандыру бойынша біраз жұмыс қолға алынды. Яғни, кітапханашылар ғана емес, оқырман, баспалар және білім басқармасы мен министрлік өкілдері де жүйеге қосыла алады. Платформа кітапхана ақпаратына негізделген құжат айналымы жұмысын оңтайландырып, кітапхана қорын басқаруға мүмкіндік береді», — дейді Мұқатай Мәлік.

Жоба авторы жаңа жүйе кітапханашылардың жұмысын автоматтандырып қана қоймай, «OQU» мобильді қосымшасын ұсынатынын жеткізді.

«Қазақстандық оқушыларға әлемдік классиканы тек түпнұсқасында ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінде де тегін оқуға мүмкіндік береді. Аталмыш қосымшада әр оқушы кез келген кітапқа тапсырыс беріп, оның қорда бар-жоғын тексере алады. Цифрлық кітапхана — қала мен ауыл кітапханасын дамытуға бағытталған. Бұл өскелең ұрпақты кітап оқуға ынталандырып, мәдени мұраның сақталуына да зор септігін тигізбек», — дейді ол.

Бүгінде бұл жүйеге Алматының бірқатар мектебі қосылды.

«Жаңа жүйенің кітапханаға тигізер көмегі зор. Атап айтсам, құжаттарды пайдалануымызға және кітапхана қорын басқаруға мүмкіндік береді. Кітаптардың электронды нұсқасы бар және Оқу ағарту министрлігі ұсынған кітап тізімін қарап, еркін қол жеткізуге болады», — дейді № 19 мектептің кітапхана меңгерушісі Айнагүл Аманжолова.

Кітапхананы цифрландыру жобасы жаңа оқу жылында қазақстандық мектептерді толық қамтымақ.

ЗАЧЕМ МЫ ДЕЛАЕМ Эксперт KZ

Нам хочется жить в стране, где люди увлечены своим делом, ставят цели и добиваются их, мыслят творчески и видят стакан, который наполовину полон, а не наполовину пуст. Они получают удовольствие от жизни, но не проживают ее зря. Своей работой они меняют мир к лучшему и точно знают, что невозможное возможно. Мы хотим, чтобы русские стали самой активной, предприимчивой, довольной жизнью и успешной нацией в мире. Мы поддерживаем их на этом пути: вдохновляем удачными примерами, предостерегаем от ошибок, подсказываем новые дороги и помогаем брать следующую ступень в развитии.

КОМАНДА Эксперт KZ:



Руководитель:
Ералы Тугжанов


Редакционный коллектив.
Журналист: Талғат Ерғалиев
Журналист: Бақытжан Сағынтаев


Корреспондент: Баниямин Файзулин
Модератор: Талғат Ерғалиев
Корректор: Бақытжан Сағынтаев
UKIPO Oxxxymiron* форум Россия-Исламский мир Нуруддин Азизи Рустам Хабибуллин двусторонняя торговля воздушная опасность угроза БПЛА Игорь Артамонов Гран-при Майами Ред Булл Шарль Леклер Единая энергосистема курская АЭС-2 зарубежный отдых путешествия по России European Aquatics белорусские спортсмены World Aquatics новая ракета Богородское THAAD PAC-3 виола цветники Петр Бирюков удар тока Зеленодольский район $5 миллионов Эдуард Юуль Рёд-Ларсен БПЛА в Туапсе атака на Туапсе пожар в Туапсе плей-офф НХЛ Владимир Тарасенко Даллас Старз Миннесота Уайлд пленные украинские солдаты Владимир Линник 79-я десантно-штурмовая бригада CENTCOM Рустем Умеров Тимур Миндич покушение на президента Секретная служба США сезон-2024/25 Матвей Янченков Екатерина Чикмарёва Гран-при России Нобелевская премия мира Марта Косс Барбадос колониализм монетный двор золотые монеты Сергей Зверев Василий Колташов Алексей Зубец ТЭК Северный флот

Эксперт KZ – независимое издание новостного формата об общественных тенденциях и политике

Мы фокусируемся на контексте актуальных событий и рассказываем об общественных вызовах, свободах и границах безопасности, о людях, которые отстаивают базовые права и меняют представление о том, как может быть устроен мир. Эксперт KZ основали в 2011  году в Москве  журналисты Катерина Сергацковская и Роман Степанкович. Изначально издание рассказывало на нарушениях прав человека в России и консервативных тенденциях в обществе. Сегодня Эксперт KZ больше известен глубокими репортажами, расследованиями, документальными видеопроектами, комиксами и концептуальным подходом к сторителлингу.

Дайджест новостей
On Top